Жаңалықтар тізбегі
0

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ директорының орынбасары балағат сөзі үшін айыппұл арқалады

eadaily.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2019 17:56 eadaily.com
Мұнай компаниясы басшыларының бірі қол астындағы жұмысшыға елдің көзінше тіл тигізген.

Ақтауда мұнай компаниясы бастығының орынбасарына балағат сөзі үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz Тумба.kz баспасына сілтеме жасап.

Жанжал тудырған басшы енді 12 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Сот Ч. есімді азаматтың "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бастығының орынбасары лауазымында бола отырып, жұмысшының құжатына қол қойюдан бас тартқанын анықтады. Оған оның қол қою мерзімі өтіп кетуі себеп болған. Осының негізінде бастық орынбасары жұмысшыны балағаттап, дау-дамай тудырған", - деп хабарлап отыр сот өкілі.

Сот таратқан ақапартқа сәйкес, мұнай компаниясы басшыларының бірі өз әрекетімен қоғамдық орында қоршаған ортаға құрметсіздік танытқан. Ол ҚР ӘҚБк 434-бабы 1-тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: