"Nur Otan" депутат Аркадий Ниді партиядан шығарып жіберді
Nur Otan
Аркадий Ни заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталған.
"Nur Otan" облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес Бюросына Аркадий Ниді "Nur Otan"-ның партиялық билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл ұсыныс Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Нидің заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталу фактісі бойынша жасалған.
Облыстық Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Аркадий Ни "Nur Otan" партиясының қатарынан шығарылды, делінген партияның Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript