Жаңалықтар тізбегі
0

Ортсайлауком сайлауда фото және бейнежазба жүргізу тәртібін түсіндірді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 20:14 видеодан кадр
10 желтоқсанда Ортсайлаукомның отырысы өтті.

2020 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ортсайлаукомның ағымдағы жылғы 4 желтоқсандағы №44/371 қаулысының қабылдануына байланысты байқаушылардың өкілеттіктерін іске асыру мәселелеріне қатысты қоғамдық ұйымдардан бірқатар өтініштер келіп түсті.

Ал фото және бейнежазбаны жүзеге асыру дауыс беру құпиясын және сайлаушылардың дербес деректерін қорғауды ескере отырып жүргізілуге тиіс екенін ескертеді.

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның нормасы, атап айтқанда, бейнеленген адамның келісімі талап етілмейтін жағдайлар келтірілген 14-баптың 1-1-тармағы байқаушылар болып табылмайтын БАҚ өкілдеріне ғана қолданылады.

Байқаушылар түсірген фото -, бейне -, шығарылған аудиожазбалар мақсаты бойынша, яғни іс-әрекеттерге арнайы баға беруге уәкілетті тиісті органдар қараған кезде бұзушылықтардың дәлелі ретінде пайдаланылуы тиіс. Тек бақылаушының мұндай әрекеттері үшін түсірілген адамның бейнесін пайдалану кезінде келісім қажет емес.

Ал егер ол келешекте пайдалануға, яғни, басқа тұлғаларға таратуға, орналастыруға, ілуге, басқаша айтқанда, осындай жазбаларды жариялауға ниет білдірсе, онда байқаушы ҚР АК талаптарын сақтауға тиіс.
Осылайша, осы қаулыны қабылдай отырып, Ортсайлауком Қазақстан Республикасы заңдарының мүлтіксіз және дәл сақталуын басшылыққа алды.

Ортсайлауком Төрағасы Берік Имашев бақылау субъектілерінің сайлауға қатысуы сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Ортсайлауком бақылаудағы азаматтық белсенділіктің өсуін құптайды. Бұл ретте байқылау субъектілерінің қызметі құқықтық өріс шеңберінде жүзеге асырылуға тиіс.

Осы мәселе бойынша қосымша баяндамада ОСК мүшесі Сыдықов Серік Сламжанұлы толық баяндады.

Ол аталған қаулының қабылдануы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда белгіленген ОСК өкілеттіктерінен туындайтын сайлау туралы заңнаманың, біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындағанын хабарлады.

Статистикалық деректерді талдау Ұлттық бақылау субъектілері белсенділігінің бір жарым есе өскенін көрсетті. 2015 жылғы сайлауға 30 мыңға жуық байқаушы қатысты, ал 2019 жылы президенттік сайлауға 47 мыңға жуық байқаушы қатысты. Сонымен бірге, процеске қатысушылардың құқықтық мәдениетінің әрдайым тиісті деңгейі және оларды сайлау комиссияларының тіркеу мәселелерінде біркелкіліктің болмауы байқалады.

Сайлау процесіне жекелеген қатысушылардың сайлау рәсімдерінен көрінетін құқықты білмеуі, бүкіл заңнама негізінде сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормалар жиынтығын қосымша түсіндіруді талап етті. Осы қаулының ережелері құқықтық салада, сайлау процесіне барлық қатысушылардың, соның ішінде байқаушылардың және оларды тіркейтін сайлау комиссиялары мүшелерінің іс-әрекеттерінде белгіленеді.

"2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған ҚР Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері туралы" ОСК қаулысы нормативтік құқықтық актілерге жатпайтын заңнаманы түсіндіру актісі болып табылады.

Осы қаулының құқық қолданушысы аумақтық, учаскелік сайлау комиссиялары болып табылады, олар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде, олардың тәуелсіздігін ескере отырып, оны нақты жағдайларда қолдану туралы дербес шешім қабылдайтын болады. Сондай-ақ, осы қаулының құқық қолданушыларының қатарына сайлау күні сайлау учаскесіне қатысатын басқа да қатысушылар: бақылаушылар да, сенім білдірушілер де кіреді. Олардың әрқайсысы учаскелік сайлау комиссиясының деректерді есепке алу журналына енгізу жөніндегі іс-әрекеттерінің заңдылығын тексере алады. Олардың әрқайсысы учаскелік сайлау комиссиясы қабылдайтын шешімдердің негізділігі жөнінде мәселе қоюға құқылы, өйткені заңда байқаушылар мен сенім білдірілген адамдар құқықтарының көлемі бірдей.

Егер бұл азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғауға қатысты олардың жарғылық мақсатына сәйкес келетін болса, КЕҰ сайлауын бақылау үшін адамдарды жібере алады. Жарғыларында осындай мақсат бар барлық КЕҰ өзінің бақылаушыларын сайлауға жіберу бойынша қолданыстағы заңнамамен берілген өкілеттіктерді пайдалана алады.

Мұндай мақсатты көздемеген басқа КЕҰ-лар өздерінің жарғыларына өзгерістер енгізуге құқылы. Мемлекеттік тіркеу туралы заңда КЕҰ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің хабарлама тәртібі қарастырылған. Әділет органдары жарғыға өзгерістерді КЕҰ-дан алынған электрондық хабарлама негізінде хабарлама берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізеді.

Осының негізінде ОСК Қаулысында жарғыда азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған мақсаттың болуы туралы ереже қамтылған. Ұйымдар уәкілеттік берген адамдарды тиісті сайлау комиссиялары байқау субъектілері ретінде тіркегеннен кейін, олар жария-құқықтық қатынастардың қатысушылары болатынын ескере отырып, заң олардың өкілеттіктерінің тиісті түрде ресімделуін, оның ішінде жарғының үзінді көшірмелерімен расталуын талап етеді.

Баяндама аясында Серік Сыдықов Конституциялық заңда трансляцияны жүзеге асыру құқығы қарастырылмағанын да жеткізді. Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңына сәйкес фото-, аудио-, бейнежазба трансляцияға (тікелей эфирге шығуға) ұқсас санат болып табылмайды.

Байқаушылар сайлау процесінің заңды қатысушылары болып табылады, тиісінше олардың қызметі "ҚР сайлау туралы" КЗ және өзге де заңнамамен нақты реттеледі. Қызметті реттеу тек міндеттерге ғана емес, сонымен қатар өз функцияларын жүзеге асыратын бақылаушының сайлау учаскесінен бейне хабар тарату құқығының болмауын қамтитын құқықтарға да қатысты.

Сонымен бірге, қаулы фото -, аудио - және бейнежазбаны жүзеге асыруға тыйым салмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: