Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин: Еліміз жаһандық дағдарыс кезінде экономикалық тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетті

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2020 19:29 primeminister.kz
Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысының құттықтауы primeminister.kz сайтында жарияланды.

Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңды қабылдады.

Еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттікті нығайту және халықаралық беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Қазақстан қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс және пандемиямен күрес кезінде экономикалық тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құрылымдық әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру, еліміздің индустриялық, агроөнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымды міндеттер қойды.

Еліміз алға қойған мақсаттарға жететіне сенімдімін.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, игілік, татулық пен өркендеуді тілеймін!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: