Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Қарағанды кеншілерімен Nur Otan бағдарламасын талқылады

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 18:37 Мәжілістің баспасөз қызметі
Қарағанды облысының әлеуетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік беретін бағыттар сөз болды.

Нұрлан Нығматулин "Nur Otan" партиясының сайлау науқаны аясында Қарағанды ​​облысының кеншілерімен кездесті. Партия бағдарламасының басымдықтары туралы Костенко атындағы шахта алдындағы кездесуде айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесуде ең алдымен, еңбек жағдайлары, оның қауіпсіздігін арттыру және өндірістік жарақаттануды азайту туралы әңгіме болды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл мәселелер әрқашанда "Nur Otan" партиясының бақылауында.

- Елбасы, "Nur Otan" партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынайы еңбектің қадірін білетін кеншілер мен металлургтерге әрдайым назар аударып келеді. Біздің партиямыз жоғарыда аталған мәселелерді шешуге, сонымен бірге заңнамалық деңгейде реттеуді қолға алатын болады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жұмыспен қамту саясатын іске асыру шеңберінде партия лайықты жалақы мен халықтың табысын арттыруды басым бағыт ретінде қарастырады, - деді Нұрлан Нығматулин.

Қазіргі уақытта еңбеккерлердің қорғалуы мәселелері Еңбек кодексінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң жобасының құқықтық нормаларымен, авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауды енгізумен бекітілген.

Әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, өндірісті жаңғырту туралы әңгіме Костенко кенішінде жалғасты.

Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселелерін шешу бағытында "Nur Otan" партиясы 103 млн.шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға басымдық қарастырылады.

Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн.теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, осы бағыттарды іске асыру жалпы ел экономикасын дамыту үшін, оның ішінде Қарағанды облысының әлеуетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, "Nur Otan" әр өңір үшін инвестиция тартудың, өңірдің салалық мамандануын ескере отырып, жобаларды іске асырудың индикаторларын белгілеуге ниетті. Бұдан басқа, Қазақстанда өз кірістерін сақтау және қайта инвестициялау үшін инвесторларды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 18:37

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 18:37

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 18:37

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: