Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаевтың кенже қызы дүкен ашты

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 21:30 instagram
Ол өз жабасында жаңадан ашқан экодүкенінің саудасы жақсы жүріп жатқанын атап өтті.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева экодүкен мен экобаспахана ашты.

Бұл туралы Назарбаеваның өзі Instagram парақшасында жазды.

Оның жазуынша, экодүкен мен баспахана кеңсе тауарларын өндірумен және сатумен айналысады, деп хабарлады tarazy.kz.

"Кеңсе таураларын саудалауға араналған экодүкен мен эко баспахана ашу идеясы кездейсоқ келген жоқ. Мен бұған дейін 2022 жылы біздің команда Қазақстанда алғашқы экологиялық мектепті ашады деп жазған едім. Сонымен, біздің мектепте біз өзімізден бастаймыз! Бәрін! Бұл дегеніміз, асханада экологиялық таза өнімдер болуы керек (сондықтан біз жылыжайымызды ашамыз), сыныптарда өңделген шикізаттан жасалған кеңсе тауарлары қолданылуы керек, ал үлестірме материалдар мен авторлық құралдар эко-қағазға басып шығарылады", деп жазды Назарбаева.

Бұған қоса, ол өз жабасында жаңадан ашқан экодүкенінің саудасы жақсы жүріп жатқанын да атап өтті.

"Жобамызды аша салысымен-ақ жасыл бизнесті қолдайтын кәсіпорындардан, балаларына қажетті және пайдалы ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік сыйлықтар бергісі келетін саналы ата-аналардан жаңа жылдық сыйлықтарға тапсырыс алғанымыз мені қуантты. Сондықтан біз дұрыс бағытта қозғаламыз. Біз өз кезегімізде Қазақстанның барлық экоөндірушілеріне алаң бердік. Қазірдің өзінде біздің сайтта 30-дан астам отандық өндірушілер ұсынылған", деді Назарбаева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: