Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрлігі су тапшылығын болдырмас үшін күріш егуді қысқартуды ұсынды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 16:42 inbusiness.kz
Министрліктің мәліметінше, су тапшылығын болдырмау үшін күріш дақылдарын егу алқабын 3 облыс бойынша 29 мың гектарға азайту қажет.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы су тапшылығының алдын алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Министрліктің есебі бойынша, суды тұтынудың ағымдағы ауқымы, яғни 1,5 миллион гектар жерге 13,3 шаршы шақырым су жұмсау жағдайы сақталса, онда 2030 жылға қарай 11,7 шаршы шақырым су тапшылығы орын алады деп болжанады.

Судың тапшылығын болдырмау үшін күріш дақылдарын 29 мың гектарға, атап айтқанда Қызылорда облысында 15 мың гектарға, Алматы облысында 10 мың гектарға және Түркістан облысында 4 мың гектарға азайту қажет. Бұл 1 шаршы шақырым суды үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді Экология министрі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, кем дегенде 750 мың гектар алқапқа суды үнемдейтін суару технологияларын енгізуді жалғастыру қажет. Бұл орташа есеппен 30% немесе 2,2 шаршы шақырым суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ұзындығы 6 мың шақырым суару желілерін қайта құрудың және 119 магистралды негізгі каналдарда цифрландыруды кең көлемде жүзеге асырудың арқасында жылына 2 шаршы км су үнемделеді. Осы қажеттіліктерге алдағы бес жылда республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдарынан 192 миллиард теңге бөлінеді, деп атап өтті Мырзағалиев.

Сонымен қатар, 10 жыл ішінде 3,6 шаршы км көлемінде су жинау үшін 39 жаңа су қоймасы салынады, бұл 137 мың тұрғыны бар 70 елді-мекенді тасқын қаупінен сақтайды. Бүгіннің өзінде Түркістан облысында Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасының құрылысы жүріп жатыр, 28 су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі, ал үшеуіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жоғарыда аталған шараларды сәтті жүзеге асыру қосымша 8,8 шаршы шақырым су жинауға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: