Жаңалықтар тізбегі
0

Ортсайлауком 276 халықаралық байқаушыны тіркеді

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 22:21 gov.kz
Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

Ортсайлаукомда халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы отырыс өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцованың сөзінше, 2020 жылғы 22 қазанда сайлауды халықаралық бақылау институты ашылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 4 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 86 байқаушы аккредиттелген.

2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге 4 халықаралық ұйымнан және 14 шет мемлекеттен тағы 190 байқаушының кандидатурасы ұсынылды.

4 халықаралық ұйымнан 167 байқаушы кандидатурасы ұсынылды: ТМД – ғы байқаушылар Миссиясының құрамында – 142 байқаушы; ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрамында – 9 байқаушы; ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі шектеулі Миссиясында – 2 байқаушы; ШЫҰ-дан бақылаушылар Миссиясында 14 байқаушы бар.

14 шет мемлекеттен аккредиттеуге 23 үміткер ұсынылды, оның ішінде: 6 шет мемлекеттен-1 байқаушыдан (Әзірбайжан Республикасы, Венгрия Республикасы, Испания Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ресей Федерациясы, Француз Республикасы); 7 шет мемлекеттен – 2 байқаушыдан; (Армения Республикасы, Индонезия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түрік Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Швейцария Конфедерациясы); Румыниядан-3 байқаушыдан.

А.Щегорцованың баяндамасының қорытындысы бойынша Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

Осылайша, 2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 276 халықаралық байқаушы аккредиттелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: