Мамин Ақмола облысындағы Макинск қаласына жұмыс сапарымен барды
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жұмыс сапары барысында Үкімет бамсшысы "Макинск құс фабрикасы" ЖШС 2-кезегінің ашылуына қатысты. Құс фабрикасы кеңейтуден кейін Орталық Азиядағы тауық етін өндіру көлемі бойынша ірі кәсіпорынға айналды.
Макинск құс фабрикасы — құс етін өндіру және қайта өңдеу саласындағы ҚР ірі инвестициялық жобасы. Кәсіпорынның 1 және 2-кезектегі инвестицияларының жалпы көлемі 48,5 млрд теңгеден асты. 3-кезектің құрылысы бойынша жоспарларды іске асыру 2023 жылы кәсіпорынның қуатын жылына 100 мың тонна құс етіне дейін арттырады, бұл өсімдік шаруашылығын дамытуды және іргелес салаларда жұмыс орындарын құруды ынталандырады. Кеңейту жобасы аясында 40 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады.
Макинск құс фабрикасы "Aitas" холдингінің құрамына кіреді. Холдинг стратегиясына сәйкес, 2030 жылға дейін 350 млрд теңгеге жуық инвестициямен жылына 350 мың тоннаға дейін ет өнімдерін өндіру көлемін арттыру көзделіп отыр.
"2024 жылға қарай біз ішкі нарықты отандық өндірістің негізгі азық-түлігімен, оның ішінде құс етімен толық қамтамасыз етуіміз керек. Макинск құс фабрикасының өндірістік қуатын одан әрі кеңейту Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады", — деді А. Мамин. Премьер-Министр.
Жобаның құны – 4,7 млрд теңге, жобалық қуаты – жылына 150 мың тонна. Алдағы жылдары республикада жалпы қуаттылығы жылына 175 мың тонна өнім шығаратын 12 жаңа құс фабрикасы жұмыс істей бастайды. Бұл құс етінің импортын алмастыру мәселелерін толық шешуге жол ашады.
Сондай-ақ А. Мамин "Макинск жылу оқшаулау зауыты" ЖШС жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын зауытқа және Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 аясында салынған Макинск қаласындағы модульдік қазандыққа барды.
2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақмола облысында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 928,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңдегі көрсеткіштен 6,6%-ға жоғары, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі – 653,8 млрд теңге (+12,7%).