Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның 2021 жылы ЕАЭО-ға төрағалығы қандай нәтиже әкелді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2021 21:13 primeminister.kz
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЕАЭО өнеркәсіптік өндірісінің көлемі $620 млрд құрады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл Қазақстанның төрағалығымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) қорытынды отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы жыл басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген ЕАЭО-ға ҚР төрағалық етуінің басым бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өтті, делінеді primeminister.kz сайтында.

Премьер-Министр биыл ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны жандандыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын жеткізді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЕАЭО өнеркәсіптік өндірісінің көлемі $620 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары. Аралық тауарлармен өзара сауда көлемі 40%-ға $20,3 млрд дейін өсті. Жыл басынан бері Қазақстанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бизнесінің қатысуымен 1172 жаңа бірлескен кәсіпорын тіркелген (+9%).

Үкімет басшысы ЕАЭО аясында өзара саудадағы кедергілерді анықтау және жою бойынша атқарылған ауқымды жұмысты атап өтті. Қазіргі уақытта ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілердің 80%-ы жойылған. ЕАЭО-дағы өзара сауда көлемі биылғы 9 айда $52 млрд құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға ұлғайды.

ЕАЭО-ның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту шеңберінде биыл бірлестікке қатысушы елдердің көлік кешендерін интеграциялау жөніндегі іс-шараларды көздейтін 2021-2023 жылдарға арналған көлік саясатын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

Биылғы жылдың 10 айында Қазақстан арқылы Орталық Азия, Еуропа, Қиыр Шығыс бағытында 883,2 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 25%-ға артық. Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымал көлемі осы кезеңмен салыстырғанда 36%-ға өсіп, 604,5 мың ЖФЭ құрады.

ЕАЭО елдерінің цифрландырудағы жемісті ынтымақтастығының мысалы ретінде А.Мамин "Цифрлық көлік дәліздері", "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жүйесі" жобалары мен "COVID-сыз саяхаттаймын" қосымшасын атады. Экономикалық интеграция саласында тиімді құралдарды құру бойынша жаңа цифрлық бастамаларды іске асыру қажеттігі атап өтілді.

А.Мамин шекара маңындағы сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс ЕАЭО-ның негізгі сауда серіктестерінің экономикаларының дәйекті қалпына келуімен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы сауда көрсеткіштерінің күрт қалпына келу факторына айналғанын атап өтті. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында ЕАЭО елдерінің сыртқы сауда көлемі $596 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,7%-ға артық.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарының ортақ нарығындағы жағдайды шешу үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. ЕАЭО аясында кредиттік тарих құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстандық тараптың сериялық өнімнің шығу орны туралы сертификаттарды қолдану үшін тауарлар тізбесін кеңейту туралы бастамасы қолдау тапты. Бұл шешім қазақстандық кәсіпорындарға әкімшілік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Отырысқа Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қатысып, Куба Премьер-Министрі Крус Мануэль Марреро бейнеүндеу жасады.

Ереван қаласына жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен және Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен екіжақты келіссөз жүргізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: