Ғалымдар Жерге үш алып астероидтың жақындап келе жатқанын айтты
sib.fm
Келесі үлкен астероид 2021 жылдың желтоқсанында ғаламшардың жанынан ұшып өтеді деп болжанады.
NASA ғалымдары үш ықтимал қауіпті астероидтың Жерге жақындап келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
РИА Новости атап өткендей, есепке сәйкес, ғарыш тастары 25 желтоқсанда Жердің жанынан қауіпсіз зу ете түсуі тиіс.
Олардың ең үлкені шамамен 3 миллион шақырымға жетеді, ал диаметрі 200 метрге жуықтайды. №501647 (2014 SD224) атты астероид Жерге соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында жақындаған.
Айта кету керек, келесі үлкен астероид 2021 жылдың желтоқсанында ғаламшардың жанынан ұшып өтеді деп болжанады.
NASA ықтимал қауіпті топқа 0,05 астрономиялық бірлік шегінде орналасқан және диаметрі 460 футтан (140 метрге жуық) асатын барлық ғарыш нысандарын жатқызады, - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript