Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл әйелдерінің зейнеткерлік жасын төмендету ұсынылды

Inform media, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2020 23:02 Inform media
Зейнеткерлік жасқа жеткенде адамдардың денсаулығы әртүрлі болатынын да ескеру керек.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында өткен жиында өңір тұрғындары Парламент Мәжілісінің болашақ құрамын ауыл халқының мүдделерін ескере отырып, зейнетақы және әлеуметтік саясатты қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауыл тұрғындарының пікірінше, әлеуметтік саясат реформалары, ауылдағы шынайы өмірді ескерілме қала тұрғындарына сүйене отырып жасалған.

Тұрғындармен кездесу барысында зейнетке шығу жасы қызу талқыланды. Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасы жарты жыл сайын ұлғаюда. Бұл қала және ауыл тұрғындарына ортақ ереже. Бірақ, іс жүзінде олар мүлдем басқа жағдайларда өмір сүреді. Әдетте, ауыл әйелдері өмір бойы ауыр аграрлық еңбекпен айналысады, оған жеке аулада күнделікті жұмыс та қосылады. Сонымен қатар, барлығымыз қаладағы пәтер мен ауылдағы жер үйдегі өмір екі түрлі екенін білеміз.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа жеткенде адамдардың денсаулығы әртүрлі болатынын да ескеру керек.

Сондықтан, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Парламент депутаттығына үміткерлермен кездесуде шалғай ауыл тұрғындары Мәжілістің болашақ құрамына ауыл әйелдері үшін зейнетақы жасын ең болмағанда бұрынғы деңгейіне, яғни 58 жасқа дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінді.

Ауыл тұрғындарының пікірінше, денсаулығына шағымданбайтын және жеңіл еңбек саласында жұмыс істейтін адамдар үшін, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төлей отырып, 58 жастан кейін қызметін жалғастыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Айта кету керек, "Ауыл" партиясының жаңа сайлауалды бағдарламасының бағым бағыттарының бірі "әлеуметтік" салаға қатысты.

"Еліміздегі демографиялық жағдайға үлкен әсер ететін ауыл болғандықтан, партия әділетті Әлеуметтік кодекс әзірлеуді ұсынады. "Ауыл" партиясы дені сау, рухы мықты ұлтты және отбасы мен ананың рөлін арттыруды қолдайды, сондықтан "көп балалы ана" мәртебесін алу үшін шекті деңгейді 3 балаға дейін төмендетуге, көп балалы аналар үшін зейнеткерлік жасты 53-ке дейін төмендетуге, "Бала нәсібі" кепілдендірілген балалар капиталын 18 жасқа дейін төлеуге, жас отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз несие беруге, ал ауылдық жерлерге көшетіндерге – үй шаруашылығын жүргізуге және бизнес ашуға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Біз азаматтардың әділ әлеуметтік саясат туралы пікірімен толық келісеміз және қолдаймыз", - деп атап өтті партия кандидаты Рабиға Тоқсейітова ауыл тұрғындарымен кездесуде.

Сондай-ақ, Рабиға Тоқсейітова ауыл – бұл елдің алтын бесігі, тектіліктің тамыры, құндылықтың қазығы екенін, сондықтан бүгінде "мемлекет тағдыры" анықталатын маңызды орган, яғни Парламентте фермерлер мен ауыл тұрғындарының дауыстарын жеткізетін, естіртетін уақыт келді деп атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: