Заңсыз ойын бизнесін ашқан топ 800 млн теңге табыс тапқан

inaktau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 15:58 inaktau.kz
Күдіктілер 7 адам, оның ішінде біреуі Германия азаматы.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша резонансты іс сотта қарастырылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының аумағында (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттерін әшкереледі.

Қылмыстық істі тергеу өндіріспен аяқталды. Күдіктілер (7 адам, оның ішінде біреуі Германия азаматы) ҚР ҚК-нің 262-б. 1,2-бөлігі, 307-б. 3-б. 1,2-тармақтары, 218-б. 3-б. 3-т., 422-б. 4-б. бойынша сотқа жіберілді.

Күдіктілердің қылмыстық әрекетінің табыс мөлшері 800 млн теңгеден асады.

Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотының басты талқылауында қаралуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: