Елімізде демалыс күндері күн қатты суытады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 17:52 Pixabay
Сынап бағаны 35-42 градусқа дейін төмендейді.

"Қазгидромет" РМК 26-28 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елімізге солтүстіктен ойысып келген арктикалық циклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінде ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеліп соғады. Сынап бағаны 35-42 градусқа дейін нөлден төмендейді. Аяз күшейе отырып, елдің басым бөлігіне ойысады. Тек республикамыздың батыс аймақтарына 27 желтоқсаннан бастап жылы мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты түседі (көбіне қар), күшейіп, жел соғып, ауа температурасы біршама уақытқа дейін ғана көтеріледі - күндіз 0-5 градус аяз болса, кей жерде 0-5 градус жылы болады деп күтіледі.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, батыс және оңтүстікте көктайғақ болады деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: