Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандықтар өз сайлау учаскесін қалай тексере алады

Нұр-Сұлтан әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 21:31 Нұр-Сұлтан әкімдігі
Интернетке кіре алмайтын адамдар үшін iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Дауыс беру жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскесінің аумағында тіркелген тұрғылықты жері бойынша құратын сайлаушылар тізімдері бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан тұрғындарға өз сайлау учаскесін алдын-ала білу маңызды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.

Мұны ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты және туған күні немесе сайлаушы тіркелген объектінің (көше, үй) мекен-жайын көрсете отырып, келесі қызметтер арқылы жүзеге асыруға болады:

1. Әкімдіктің astana.gov.kz веб-порталы. ("http://astana.gov.kz/ru/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka" басты бетте "Өз сайлау учаскеңді тап" баннерін нұқыңыз);

2. Smart Astana мобильді қосымшасы ("Қалалық қызметтер" бөлімінде);

3. @smartastana_bot Телеграм-боты арқылы("Қызметтер" бөлімінде).

Бұл байланыс арналары арқылы сайлау учаскесінің нөмірін, орталықтың мекен-жайы мен атауын, сондай-ақ картада сайлау учаскесі орналасқан жеріндің белгісін білуге болады.

Сондай-ақ интернетке кіре алмайтын адамдар үшін iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы азаматтар өз учаскесін таба алады.

Естеріңізге сала кетейік, елордада сайлау қарсаңында "Белсенді сайлаушы" акциясы басталды, оның нәтижелері 5 қаңтарда шығарылады. Акция шарттарына сәйкес, сайлау учаскелерін онлайн-қызметтер арқылы тексерген әрбір бес мыңыншы қолданушы естелік сыйлықтарға ие болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: