Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі алаяқтық үшін сотталды

zakon-i-poryadok.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2020 03:42 zakon-i-poryadok.com
Ол 11 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру күдігіне ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі Күдеровке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол студенттерге арналған жазғы білім беру стартап-мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру күдігіне ілінді.

2020 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен Күдеровке 5 жылға шартты түрде сотталды (ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша).

Күдеров мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: