Елімізде 3,5 мыңнан астам оқушы коронавирусқа шалдыққан

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 21:24 inform.kz
Мектеп оқушылары арасында КВИ жұқтырушылар саны артып барады.

Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 3 658 дерегі тіркелді, деп хабарлады Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-де өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқу жылының басынан бастап мектеп оқушылары арасында КВИ жұқтырудың 3 658 дерегі тіркелді, оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында - 994, бұл оффлайн режимдегі оқушылардың жалпы санының 0,1% құрайды. 2 664-і - қашықтан оқитын балалар, - деді Шоранов.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі коронавирусқа байланысты жаңа оқу жылы жаңа форматта басталғанын еске салды.

Өздеріңіз білетіндей, оқу жылы қашықтықтан басталды, тек 1, 5 сынып оқушылары және оқушы саны 180-ге дейінгі мектептер оффлайн режимінде, яғни мектептен оқыды, одан кейін ІІ-тоқсаннан бастап 300 балаға дейінгі мектептер дәстүрлі білім беру форматына көшірілді, 1-ден 5-ке дейін, халықаралық мектептерде - 7-ге дейін сыныптарда кезекші сыныптарға рұқсат берілді, - деп түсіндірді вице-министр.

ІІІ-тоқсаннан бастап мектеп бітіруші сыныптарға аралас оқыту тәсілі қолданылмақшы. Бұл - 9, 11 (12) сыныптар, сонымен қатар оқу жылының ІІ- семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының күндізгі оқыту бөліміндегі бірінші курс студенттері үшін оқу орындарынан білім алу мүмкін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: