Жаңалықтар тізбегі
0

2020 жылы кімдерден айырылдық?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2020 22:21 видеодан кадр
Өмірге келмек бар да, қалмақ жоқ!

Өтіп бара жатқан жыл бірқатар қазақ зиялысын ортамыздан алып кетті. Еліміздің әдебиеті, мәдениеті мен басқа да салаларына үлес қосқан азаматтардың дені індеттен көз жұмса, өзгелері түрлі қосалқы сырқаттарын жеңе алмай, бақилық болды. Марқұмдардың өмір жолы һәм елге сіңірген еңбектері әр қазақтың жадында қалары хақ, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өтіп бара жатқан жыл қазақ руханиятын орны толмас ауыр қайғыға батырды. Күні кеше ортамызда жүрген игі жақсылар мен жайсаңдардың бірқатары індеттен, енді бірі сырқаттың салдарынан көз жұмды.

Композитор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев биыл жазда індеттің ілмегіне ілігіп, аурудан айығып кете алмады. Ел аузындағы 200-ге тарта әннің авторы 74 жасында бақилық болды.

Роза Рымбаева, ҚР халық әртісі:

Ағамыздың әндері бізге мәңгілік мұра болып қалады. Ал, қазақ халқы бар жерде ағамыздың әндері міндетті түрде шырқалады.

Күллі қазаққа белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің де қазасы қалың қарашаның қабырғасын қайыстырды. Журналист ауыр сырқаттан оңала алмай, 49 жасында өмірден озды.

Қайнар Олжай, журналист:

Жүрегі жұмсақ, жаны жылы адам болды. Бейсендей адамды ондай кісілігі зор, ешқашан пендешілікке бармайтын, ешкімнің көңілін қалдырмайтын үстіндегі соңғы жейдесін шешіп беретін мұндай адамды енді жолықтыру мүмкін емес деп ойлаймын.

Сән әлемінде өзінің қолтаңбасын қалдырған талантты дизайнер Берік Исмаиловты да сұм ажал арамыздан небәрі 51 жасында алып кетті. Аптал азамат осы пандемия басталған тұста маска таппай сенделген жұртқа бетпердені тегін тігіп бергені есте. "Терісқақпай" театры арқылы танылған актер Дархан Дайырбек те биыл қауіпті кеселдің құрбаны болды. Сахна шеберінің кез- келген рөлін көрермені ерекше көңілмен қабылдайтын.

Даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров те қаншама қарсыласын боз кілемде сұлатып салғанымен, сырқатқа келгенде сағы сынды. Олимпиада чемпионының ақтық демі 69 жасында бақилық үзілді. Маусымның соңғы күндері қазақ журналистикасы да орны толмас қазаға душар болды. 60 жасқа қараған шағында Қуандық Шамахайұлы өмірден озды.

Ерсейіт Әлімұлы, қоғам белсендісі:

Қуандық Шамахайұлы деген тіл жанашыры. Біздегі мінбердегі, Парламенттегі депутаттардың сол ағаларымызға мін, сын тағып, кемістігін дұрыстап жүрген. Бүйтіп атын тізбектей болтын босақ, қаншама әлі атқаратын жұмыстары алда. Қазаққа берері көп адамдардың ортамыздан кімді болса да кімге болса да жанына ауыр тиетіні, тигені баршамызға ақиқат.

Пандемия кезінде ортамыздан кеткен елге танымал азаматтардың қатарында дінтанушы Абдуғаппар және Зәкәрия Смановтар, химия ғылымдарының докторы, академик Еділ Ерғожин, Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабайқызы, академик Көпжасар Нәрібаев, спорт комментаторы Диас Омаров сынды тұлғалар бар.

Ерсейіт Әлімұлы, қоғам белсендісі:

Я бұл әлемдік деңгейдегі ковид 19 еш елді, адамды түр-түсін, затын ешқайсысын таңдаған жоқ. Сол себептен де біздер әрқашан да, қлген артынан өлмек жоқ, тірі тіршілігін жасайды деген қазақта жақсы сөз бар. Сол үшін де біздер берік болып, жаңағы тұлғалардың отбасы сабырға келіп.

Иә, өмірге келмек бар да, қалмақ жоқ. Ел ағаларының жаны жаннатта болсын!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: