Қазақстанда коронавирустан 22 мың науқас ем-дом алып жатыр
Ковид-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққандар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
30 желтоқсандағы жағдай бойынша 22 070 адам КВИ-ден ем-дом алуды жалғастыруда (9 920 (КВИ +) және 12 150 (КВИ-), оның 5 072-сі стационарлық, ал 16 998-і амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ + және КВИ- науқастары арасында:
• ауыр жағдайда - 257 науқас,
• өте ауыр дәрежеде - 45 науқас;
• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 41 науқас.
COVID-19 белгілері бар пневмония туралы мәліметтер: 2020 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша аурудың 170 жағдайы тіркелді, 5 жағдай кісі өлімімен аяқталды. 89 адам сауығып кетті.
1 тамыздан бастап КВИ белгілері бар пневмонияға шалдығушылардың жалпы саны -45 630, кісі өлімі - 498, одан емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 32 982.