Мирзиёев Тоқаевқа ЕАЭО-дағы төрағалығы сәтті өтуін тіледі

president.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 21:46 president.uz
Өзбекстан мен Қазақстан президенттері бір-бірін шын жүректен құттықтады.

Өзбекстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме басында Өзбекстан мен Қазақстан президенттері бір-бірін және екі елдің бауырлас халықтарын келе жатқан 2021 - жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, қарқынды даму және жаңа бетбұрыстар тіледі.

Өткен жылдың барлық қиындықтарына қарамастан, өзбек-қазақ қатынастарының ғасырлар бойы қалыптасқан достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарының үдемелі дамуы қамтамасыз етілді.

Мемлекет басшылары бір-бірін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейте түсуге шақырды.

Сондай-ақ Президенттер аймақтық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты, жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.

Шавкат Мирзиёев Тоқаевқа 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одақ төрағалығы сәтті өтуін тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: