Азат Перуашев Қарағанды кәсіпкерлерімен кездесті
"Ақ жол": Кәсіпкерлікті қолдау – жұмыссыздық мәселесін шешудің, жұмыс орындарын құрудың және қазақстандықтарды табыспен қамтамасыз етудің басты құралы – Азат Перуашев Қарағанды кәсіпкерлерімен кездесті
Кәсіпкерлікті қолдау – жұмыссыздық мәселесін шешудің, жұмыс орындарын құрудың және қазақстандықтарды табыспен қамтамасыз етудің басты құралы" деп Азат Перуашев Қарағанды кәсіпкерлерімен кездесу барысында мәлімдеді.Қарағанды облысына жұмыс сапары "Британский комфортный квартал" ТК құрылыс алаңында сайлаушылармен кездесуден басталды. Тұрғын үй құрылысы өткен жылдың соңында басталды. Жекелей инвестицияланған нысанды құрылысшылар осы жылдың соңында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
"Жаңа үйде 720 пәтер болады. Нысанда жүзден астам адам жұмыс істейді. Мамандардың барлығы жергілікті тұрғындар, дегенмен жұмыс қолы жетіспейді. Пандемияға дейін Өзбекстаннан мамандар тартылды, бірақ олар қазір елдеріне оралды. Енді кадрлар жетіспеуде, - дейді құрылыс жетекшілері.
Азат Перуашев мұндай компанияларды қолдау қажет екенін атап өтті.
Құрылыс бүгінде экономиканың нақты секторының дамуына әсер ететін басты салалардың бірі болып табылады. "Ақ жол" партиясы шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың жақтаушысы. Біз инвестицияларды тартудың шынайы стимулдарын енгізу қажет деп санаймыз. "Ақ жол" пандемияның салдарын еңсеру үшін салықтық рақымшылық жүргізуді, ШОБ-ты төлем қабілеттілігі толық қалпына келгенше салықтан босатуды, микробизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты салықтан босатуды ұсынды. Біз Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен ЕДБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету мәселесін үнемі көтеріп жүрміз, - деп атап өтті Перуашев.
Содан кейін Азат Перуашев бастаған "Ақ жол" үгіт-насихат тобы Қарағанды кәсіпкерлерімен кездесті. Партиялықтар бизнесмендерді өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оларды мазалайтын мәселелерді тыңдады.
Әңгіме барысында экономикалық (кейде жалған) бұзушылықтар, салық салу, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және т.б. үшін ШОБ-ты қылмыстық қудалаудың жүйелі проблемасына айналған мониторингтік топтардың жұмысы тақырыптары көтерілді.
Кездесуге келгендер "Ақ жол" партиясының жұмысы туралы жақсы біледі. Кәсіпкерлер тұрақты қолдау көрсеткені үшін "ақжолдықтарға" алғыстарын білдірді. Азат Перуашев кәсіпкерлерді бүгін айтылған барлық мәселелер қаралып, "Ақ жол" партиясы қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыратынына сендірді.