Қоғамдық кеңестердің жұмысына қанша ақша бөлінетіндігі белгілі болды
zakon.kz
Бұл қаржыға кеңсе тауарлары алынып, көліктік шығындар өтеледі және білікті сарапшыларды тарту көзделіп отыр.
ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму вице-министрі Болат Тілепов қоғамдық кеңестерді қаржыландыру жайына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Ол бұған дейін бюджеттен қоғамдық кеңестердің жұмысына ақша бөлінбегенін атап өтті.
"Заңдағы өзгеріске сай республикалық бюджеттен 65 млн теңге және өңірлердегі кеңестерге 2 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаржыға кеңсе тауарлары алынып, көліктік шығындар өтеледі және білікті сарапшыларды тарту көзделіп отыр. Қоғамдық кеңес қызметін жетілдіру аясында мемлекеттік сатып алу жұмыстарын бақылау міндеті жүктелді", - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов.
Сондай-ақ кеңес мүшелері жергілікті құқық қорғау органдарының жыл сайынғы есебін тыңдайды. Бүгінге дейін олар 19 мыңнан аса сұрақты қарап, төрт мыңға жуық нормативтік құқықты сын тезінен өткізген.
- Бұдан былай жергілікті деңгейлерде ұйымдастыру жұмыстары мәслихаттарға жүктеледі. Өздеріңізге мәлім бұл міндет бұған дейін жергілікті әкімдіктерде болатын. Алайда қоғамдық кеңестердің бастамасы бойынша және депутаттардың қолдауынан кейін заң жобасына тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ кеңес өз қызметін қоғамдық бастама негізінде жүргізетіндіктен оның қызметінің кейбір аспектілерін қаржыландыру мәселесін шешу жолдары қарастырылып отыр, - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript