Жаңалықтар тізбегі
0

Перуашев бастаған "ақжолдықтар" Шығыста жүр

"Ақ жол" партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 21:43 "Ақ жол" партиясы
Ақжолдықтар алдымен Өскемендегі металлургиялық зауытта болды.

Бүгін Азат Перуашев бастаған "ақжолдықтар" еліміздің шығысында болып, жергілікті еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақжолдықтар алдымен Өскемендегі металлургиялық зауытта болды. Бұл өндіріс тек өңірдегі ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі өндіріс ошақтарының бірі. Өндірісте 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ал, зауыт өнімдері экспортқа шығады. "Ақ жол" партиясының өкілдері алдымен кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, артынша, ұжымымен кездесті.

Бұдан кейін Азат Перуашев бастаған арнайы топ жергілікті автобус паркінде болды. Бұл зауыттағы жағдай салыстырмалы түрде күрделі. Өйткені, жұмысшылардың дені егде жаста. Сәйкесінше, бұл өндірістің жұмысшыларын денсаулық күтімі мен зейнетке шығуға қатысты мәселелер алаңдатады. Жалақы мен баспана түйіткілдері тағы бар.

Дәл осы баспана мәселесі педагогтарды да мазалайды. Бұл жөнінде Жамбыл атындағы мектеп-интернаты ұжымымен болған кездесу барысында белгілі болды. Партия төрағасы партияның бұл ұжымда да “Ақ жолдың” сайлауалды бағдарламасымен таныстырды және жергілікті жұмысшылар өздерінің жұмыс бағыты бойынша сұрақтар қойды. Ұсыныстар жасады. Бүгін дәл осындай форматтағы кездесу жергілікті су электр станциясының ұжымымен де болды. Бұл салада да көкейкесті мәселе көп болып шықты. тартты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: