Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда ІІМ-нің 25 ардагеріне көмек көрсетілді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 22:41 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қала әкімінің нұсқауы бойынша 25 азық-түлік себеті жинақталып, оған азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі құралдар кірді.

Талдықорған қаласы Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесі Қалалық әкімдік өкілдерімен бірлесіп жаңа жылдың алғашқы күндерінде ІІО ардагерлеріне азық-түлік себеттерін жеткізді, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Талдықорған қалалық ПБ Ардагерлер кеңесі жаңа жылдық мереке алдында ІІМ ардагерлеріне көмек көрсету туралы қолдаухат жазған болатын. Қала әкімінің нұсқауы бойынша 25 азық-түлік себеті жинақталып, оған азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі құралдар кірді.

Талдықорған қаласының ПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қартқожин Есімхан Есентайұлы және "Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Рымтаев Әділет Рымтайұлы ерікті ардагерлер және қалалық әкімдік өкілдерімен бірге демалыс күні, өзінің бүкіл саналы ғұмырын заң жолына арнаған және азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаған 25 зейнеткерге барып қайтты. Азық-түлік себеттері барлық карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып тапсырылды. ІІМ зейнеткерлері естелік суретке түсіп, барлық ұйымдастырушыларға көңіл бөліп, көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 22:41

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 22:41

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: