Жаңалықтар тізбегі
0

Бензині бітіп, жолда қалған жүргізушіге полицейлер тегін көмектесіп кетті 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2021 03:08 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер қызметтік автокөлікпен азаматтың көлігін арқанға байлап, жақын маңдағы жанармай құю станциясына жеткізді.

Алматы облысының полицейлері жолда жанармайы таусылып қалған тұрғынға көмектесті. Талғар аудандық полиция бөліміне Талғар АПБ ЖПҚБ ППР қызметкерлеріне қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқан азаматтан бейнеөтініш келіп түскен, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 желтоқсан күні Талғар АПБ ЖПҚБ ППР қызметкерлері полиция аға лейтенанттары Жалимбетов Даурен мен Тұрғанбеков Әсет патрульдеу барысында, жол бойында тұрған "Мерседес" маркалы автокөлігіне назарлары түскен. Полицейлер мән-жайды білу үшін тоқтап, жүргізуші жанына жеткен. Жүргізуші инспекторларға жанармайы таусылғандықтан, жолда қалғанын, сонымен қатар, ол жақын маңдағы жанармай құю станциясына жету үшін өзгелерден көмек ала алмағанын айтып түсіндерген.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары ойланбастан, қызметтік автокөлікпен азаматтың автокөлігін арқанға байлап, жақын маңдағы жанармай құю станциясына жеткізген.

Инспекторлардың көмек көрсеткені туралы жүргізуші өзінің бейнежазбасында хабарлап, полицейлерге шын жүректен алғысын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: