Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2021 19:29 Ақорда
Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге оптимизм, рухани байлық, толеранттылық әкеледі - Назарбаев.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қымбатты отандастар!

Православ христиандарын және барлық қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр.

Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге оптимизм, рухани байлық, толеранттылық әкеледі. Осы күндері адамның жүрегі ең ізгі сезімдерге толып, мұқтаждарға көмектесуге, жақын жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық жасауға деген ықылас оянады.

Мәңгілік рухани құндылықтар біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде.

Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: