12 мемлекеттің Қазақстан өкілдігінде дауыс беру басталды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс беру басталып кеткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана және сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша сағат 7.00-де 2021 жылы 10 қаңтарда 12 облыста - 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, - деді Смағұлов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, дауыс беру 12 шетелде Қазақстан Республикасының өкілдігінің 12 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
Жалпы республикамызда 10 060 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 53 елде Қазақстан өкілдігінде 66 сайлау учаскесі жұмыс істейді, - деді ол.
Сонымен қатар, 47 сайлау учаскесінде "Сайлау туралы" конституциялық заң шеңберіндегі аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы 6: 00-де басталды.
Бес облыста: Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы сайлау учаскелеріндегі уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес, дауыс беру жергілікті уақытпен 7: 00-де, яғни Нұр-Сұлтан уақытымен 8: 00-де басталады, деп түйіндеді сөзін Смағұлов.