Ashyq қосымшасын 12 жастан асқан балалар да қолданады
zakon.kz
Дегенмен қосымша қолданысы бұл арада өз еркімен екенін баса айта кетелік.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов бірқатар нысандарда 12 жастан асқан балалардың Ashyq қосымшасын өз еркімен қолдануы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға "Ashyq" қосымшасында ерікті түрде тіркеле отырып, кіруін қамтамасыз етсін, делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.
Бұл норма басқа платформаларға да қатысты болады, мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, ashyq.kz веб-сайттарындағы баламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript