Вице-премьер Үкіметтің отставкасы жайлы айтты

Яндекс, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 16:26 Яндекс
Бұл - заңға сәйкес жүзеге асырылатын процесс.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов үкіметтің отставкасы жайлы айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Ералы Тоғжанов Мәжіліс сайлауында таңертең "Астана Операда" орналасқан No115 сайлау учаскесінде дауыс берді. Журналистер одан үкіметтің алдағы отставкасына қатысты пікір білдіруді сұрады.

- Бұл - заңға сәйкес жүзеге асырылатын процесс. Сайланған Мәжіліс алдында Үкімет қайта жасақталуы тиіс. Мұның бәрі белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады, - деді ол.

Вице-премьер сайлауға қатысты бұл отбасылық дәстүр екенін айтты.

- Бүгін біз алғашқылардың бірі болып мұнда келіп, дауыс бердік. Халықтың болашағын ойлайтын адамдар сайлауды жіберіп алмауға тырысады, - деді Тоғжанов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: