Бас прокуратура желідегі сайлау туралы даулы видеоға қатысты түсінік берді

kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 19:47 kapital.kz
Құзіретті орган бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызғаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сайлауда заңбұзушылықтың басталып кеткені туралы видео Қазақстанда түсірілмеген, деп мәлімдеді брифингте ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгін Facebook-ке "Алмас Байқадамов" деген желі қолданушысы сайлау комиссиясының мүшесі-мыс бір әйелдің бірнеше бюллетеньді дауыс беру жәшігіне салып жатқан видеоны жүктеп, оның астына "Қазақстанда фальсификация басталды" деп жазған. Алайда материалдарды зерттеу нәтижелері бұл бейнероликтің Ресейдің бір елді-мекеніндегі сайлау учаскесінде түсірілгенін көрсетті, - дейді Сарғазин.

Ол бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызғаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сайлау процесінің заңдылығын сақтауды қадағалау жоғары деңгейде жүзеге асырылуда, - деді бас прокурордың аға көмекшісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: