2020 жылы инфляция 7,5%-ды құрады
Жылдық инфляция бір ай бұрынғы 7,3%-пен салыстырғанда 2020 жылдың соңында 7,5%-ке дейін жылдамдап, Ұлттық Банктің 7,0-7,5% деңгейінде күтулеріне сәйкес қалыптасты, деді бүгін Үкімет отырысында ҚРҰБ төрағасы Ерболат Досаев, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның сөзінше, бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес азық-түлік инфляциясы қосып отыр. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі нарықтарда жекелеген тамақ өнімдерінің (өсімдік майы, қант, жұмыртқа) теңгерімсіздігі күшейгеннен 10,8%-тен 11,3%-ке дейін ұлғайды.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция киім мен аяқ киім бағасының 4,8%-ке (қарашада - 5,2%) дейін өсуінің баяулауы аясында 5,7%-тен 5,5%-ке дейін баяулады.
Ақылы қызмет инфляциясы қоғамдық тамақтану қызметі мен қонақ үйде қызмет көрсету бағасының өсуіне байланысты 4,1%-тен 4,2%-ке дейін жеделдеді.
Тауар экспорты мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты 18,2%-ке немесе 35,3 млрд АҚШ долларына дейін 7,9 млрд АҚШ долларына қысқарды. Тауар импорты инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруы нәтижесінде 9,6%-ке немесе 26,4 млрд АҚШ долларына дейін 2,8 млрд АҚШ долларына қысқарды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша төлем балансының ағымдағы шотының дефициті (-) 5,7 млрд АҚШ доллары деңгейінде күтіледі.
Алтын бағасының өсуі нәтижесінде алтын портфелінің бір жылда 4,7 млрд АҚШ долларына 23,6 млрд АҚШ долларына дейін өсуі есебінен алтынвалюта резервтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда алдын ала деректер бойынша 6,7 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 35,7 млрд АҚШ доллары болды. Алтынвалюта резервтері құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер Қарашығанақ Консорциумынан өтемақы шеңберінде қаражат әкелінуі, Азия Даму Банкінің қарызы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық Банктегі валюталық шоттарға әкелінуі есебінен 2 млрд АҚШ долларына өсті.
Ұлттық қордың активтері дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір жыл ішінде 3,1 млрд АҚШ долларына төмендеп, 58,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Нарықтың құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалды және 4,1 млрд АҚШ долларын немесе 7,5%-ті құрады.