БҒМ мектепте смартфонға шектеу салуы мүмкін

Today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2021 19:45 Today.kz
Телефон пайдалануды шектеу мәселесі көптен бері талқыланып келеді.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-дегі брифингте мектептерде смартфон пайдалануға шектеу енгізуді көздейтін бұйрық жобасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Бұл бұйрық қоғамдық талқылау үшін шығарылып отыр. Мұндай бұйрықтар қоғамның пікірін, педагог-әріптестеріміздің пікірін білу үшін шығарылады. Сондықтан бұйрық талқыланып болғаннан кейін біз қоғамдық порталға түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлерге қарап, міндетті түрде тиісті өзгертулер енгіземіз, – деді Каринова.

Оның сөзінше, мұндай жұмыс бұл бұйрыққа ғана қатысты емес, БҒМ шығаратын барлық бұйрықтар бойынша жүргізіледі.

– Телефон пайдалануды шектеу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Әрі тек біздің елде ғана емес. Түрлі пікір бар. Біз бұл мәселені әлі де зерттеп, түпкілікті шешім қабылдаймыз, – деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: