Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің үш ірі қаласындағы мәслихаттар сайлауының қорытындысы жарияланды

Казинформ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2021 23:11 Казинформ
ОСК төрағасы Берік Имашев бірінші рет мәслихат депутаттары пропорционалды жүйе бойынша сайланғанын айтты.

Орталық сайлау комиссиясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттары сайлауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәслихаттар сайлауына бес партия жіберілді.

ОСК төрағасы Берік Имашев бірінші рет мәслихат депутаттары пропорционалды жүйе бойынша сайланғанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты - 31 мандат. Жалпы қалалық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша 88 үміткер тіркелді. Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" конституциялық заңына сәйкес, сайлау нәтижелері бойынша саяси партияларға депутаттық мандаттар сәйкесінше бөлінеді. Осыған байланысты: Қазақстан Халық партиясы - 2 мандат, Nur Otan партиясы - 26 мандат, "Ақ жол" партиясы - 3 мандатқа ие болды, - деді Нұр-Сұлтан аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.

Алматыға 39 мандат бөлінді. Бұл мандаттар келесідей бөлінді:

Nur Otan - 29 орын;
"Ақ жол" - 3 орын;
Қазақстанның халықтық партиясы - 3 орын;
"Ауыл" - 3 орын.


Шымкен қаласы мәслихатында 30 мандат бар. Олар келесідей таратылды:

Nur Otan - 24 орын;
"Ауыл" - 3 орын;
"Ақ жол" - 3 мандат.

10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: