Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО департаментінің басшысы тағайындалды

ШҚО коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2021 15:45 ШҚО коммуникациялар қызметі
Нұрлан Тәңірбердіұлы 1977 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Тәңірбердіұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар. Еңбек жолын білім беру саласынан бастап, 2011 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда, Жуалы ауданы әкімі аппаратында бас маман, аппарат жетекшісі,аудан әкімінің кеңесшісі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, "Нұр Отан" ХДП Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы лауазымдарында еңбек етті.

2011- 2020 жылдары аралығында Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінде консультант, бөлім басшысы, басқарма басшысы, Департамент басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Стратегиялық жұмыс және халықаралық бағдарламалар департаментінің бас консультанты қызметінде болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: