Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

ШҚО әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2021 16:11 ШҚО әкімдігі
Ермек Сембайұлы 1968 жылы 16 қарашада Семей қаласында дүниеге келген.

Шығыс қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Ермек Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК директоры қызметін атқарған.

Ермек Сембайұлы 1968 жылы 16 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Педиатрия және қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1993 жылы Үлкен Нарын аудандық ауруханасында педиатр-дәрігер болып бастаған.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Катонқарағай аудандық міндетті медициналық сақтандыру филиалының директоры болды. Әрі қарай Катонқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері және бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылға дейін Катонқарағай аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымында еңбек етті. 2005 жылдан бастап Катонқарағай ауданының "№1 медициналық бірлестігі" КМҚК бас дәрігері, директоры болды.

2010 жылдан бастап Өскемен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2014 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының "№4 қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігері болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК директоры болып жұмыс істеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: