Елімізде күн қайта жылынады
vesti.ru
Антициклонның еліміздің ауа массасынан өту кезеңі соңында Жерорта теңізі циклоны төбе көрсетіп, ол сынап бағанының жоғарлауына ықпал етеді деп күтіледі.
14-16 қаңтарға арналған Қазақстандағы ауа-райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
14-15 қаңтарда Салехард аймақтарынан ойысып келетін антициклон республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімге кілт тоқтауын және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл антициклонның еліміздің ауа массасынан өту кезеңі соңында Жерорта теңізі циклоны төбе көрсетіп, ол сынап бағанының жоғарлауына ықпал етеді деп күтіледі, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Кей жерлерде қар жауады, әсіресе оңтүстік пен батыста күн жауын-шашынды болады (қар аралас жаңбыр), күн бұрқасындатып, тұман түседі, желдің күшейіп, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады деп атап көрсетеді синоптиктер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript