Қазақстанда күн жылынады

Жақын күндері антициклон еліміздің басым бөлігіне әсер етіп, ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Синоптиктер 22-24 сәуірге арналған ауа- райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жақын күндері антициклон еліміздің басым бөлігіне әсер етіп, ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Сондай-ақ қалың ауа массасы республикамыздың батысынан шығыс бөлігіне ойысып, соның әсерінен ауа температурасы жоғарылайды деп болжанады. Тек республикамыздың батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, қар түсуі де ықтимал, кейбір жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республикамыздың кей аймақтарында тұман түсіп, қатты жел тұрып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі деп болжанады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript