VII шақырылымның Мәжіліс депутаттары депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін алды
Ж.Құспанов
Орталық сайлау комиссиясынан.
Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Іс-шарада жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына куәліктер мен төсбелгілер табысталды.
Сайлау қорытындысы бойынша VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне партиялық тізім бойынша "Nur Otan" партиясынан 76 депутат, "Ақ жол" партиясынан 12 депутат, Қазақстан халық партиясынан 10 депутат сайланса, 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript