Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы екінші мәрте вакцина салдыртып алды
Facebook
Ол бірінші екпеден кейін қандай да бір жағымсыз әсер сезбегенін де айтады.
Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Карин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ол 16 қаңтарда Facebook-тегі парақшасында жазды. Бұл күні ол QazCovid вакцинасын екінші рет салдырған.
"Сонымен, бүгін QazCovidIn вакцинасы екінші рет егілді. Вакцинацияның талабына сәйкес екі рет егілу тиіс, яғни 21-22 күннен кейін. Мысалы, қытайлық вакцина 26-28 күннен кейін екінші рет егіледі. Бұл организмдегі иммунитетті күшейту үшін. Алдағы үш күн су тигізбеу керек, спортмен айналысуға болмайды", деп жазды ол.
Ол бірінші екпеден кейін қандай да бір жағымсыз әсер сезбегенін де айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript