Павлодар облысында демалыс күндеріне кейбір нысандар үшін локдаун енгізілді
Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енеді. Бас санитарлық дәрігер карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Павлодар облысы коронавирустың таралуына байланысты қайтадан "қызыл" аймаққа енуіне байланысты өңірде қосымша шектеулер енгізілді.
Қаулыға сәйкес, демалыс күндері Павлодар облысында сауда орталықтары, базарлар, азық-түлік емес дүкендер мен бутиктер, спорт нысандары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді.
Одан бөлек, тағы мыналарға тыйым салынады:
- ашық және жабық ғимараттарда көріністі, спорттық іс-шараларды, отбасылық,ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларын және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге (митингілер, шерулер, көрмелер, конференциялар, жиналыстар, көрсетілімдер т.б.) өткізілуіне; сондай-ақ жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кино-театрлар, батуттар мен балалар және ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындары) қызметіне;
- кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне (Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуымен ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі);
- мәдени объектілердің (дайындық), театрлардың қызметіне;
- фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне;
- спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына;
- кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимінде өткізуге тыйым салынады.
Дегенмен кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беріледі.
2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан:
– 300 адамға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту, балалар санын 15 адамнан асырмай;
- жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 4-ге дейінгі сыныптарда, ата-аналарының өтініші бойынша балалар саны 15-тен аспайтын сыныптардың толық жиынтығын ескере отырып оқыту;
- мектеп бітіруші сыныптар (11(12) сыныптар) үшін аптаның 6 күнінде аралас білім беру: 70% пәндер штаттық режимде, 30% - қашықтықта (сыныпта 15 адамнан көп емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет принципі бойынша оқыту) - мектепте бір мезгілде жобалық қуатының 30% - дан аспайтын болуы, санитарлық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту);
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша оқушыларды сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке оқыту;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін екінші семестрінен штаттық оқытуға рұқсат беріледі.
ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын сақтай отыра және ұжымдық іс-шаралар өткізбей, толымдылығының қуатынан 30%-дан аспауын және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне жекелей рұқсат беруді;
Сонымен қатар сенбі және жексенбі күндері мына нысандардың жұмысы тоқтатылады:
- жабық және ашық азық-түлік базарлары жұмыс күні сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
ал демалыс күндері олардың қызметіне шектеу қойылады.
- азық-түлікке жатпайтын дүкендер жұмыс күні сағат 20.00-ге дейін істейді.
ал демалыс күндері олардың қызметіне шектеу қоылады.
- спа-салон, монша, сауналар жұмыс істемейді.
- спорт кешендері жұмысына да тыйым салынады.
Қоғамдық көліктер де демалыс күндері жүрмейді.