Үкімет жаңадан жасақталды – жаңа министрлер тізімі
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тағайындалсын:
1. Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары;
2. Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;
3. Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;
4. Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
5. Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы;
6. Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
7. Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
8. Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
9. Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
10. Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
11. Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
12. Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
13. Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
14. Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
15. Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
16. Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
17. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;
18. Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
19. Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
20. Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
21. Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
22. Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.