Министр коронавирусқа шалдығушылардың көбею себебін түсіндірді

ptzgovorit.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2021 16:37 ptzgovorit.ru
Ауруға шалдыққандардың өсімі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық аймақтарда байқалады.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 ауруының көбею себебін атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша, еліміздің алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан.

Қараша айынан бастап КВИ-ға шалдығушылар саны жоғарылай бастаған. Қарашада қазан айымен салыстырғанда аурушаңдық 4,5 есе өсті, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есе өсті, қалыпты өсу тенденциясы қаңтар айында да сақталады, бұл халықтың желтоқсан-қаңтар айларындағы ұзақ демалыс кезінде барлық профилактикалық шараларды сақтамауының салдары болып табылады. Қаңтар айынан бастап осы 19 күн ішінде КВИ-дің 14 625 дерегі тіркелді. Ауруға шалдыққандардың өсімі Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық аймақтарда байқалады, деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2021 16:37

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: