Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде банк, ақша айырбас орындары және ломбардтардың жұмыс режимі өзгерді

petrovka.troo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2021 15:23 petrovka.troo.kz
Тізімге 9 қаржы субъектісі енді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығындағы субъектілердің жұмыс режимі туралы біріккен Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл тізімге мына субъектілер енеді:

1. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидентбанктерінің филиалдары
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар
3. Ипотекалық ұйымдар
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары
5. Сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидентсақтандыру брокерлерінің филиалдары
6. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар
7. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар
8. Төлем ұйымдары
9. Коллекторлық агенттіктер

Құжатқа сәйкес, жоғарыда аталған субъектілер 19 қаңтардан бастап максимальды түрде қызметін онлайн режимде атқаруға міндеттеледі.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес мыналарға жататын аймақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілер:

- "қызыл" аймаққа – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 40 % (қырық пайыз) қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 60% (алпыс пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін;
- "сары" және "жасыл" аймақтарға – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30 % (отыз пайыз) қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% (елу пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін.

Екінші деңгейдегі банктер, құжатқа сәйкес, клиенттер операцияларын өңдеуді жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды және банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтің, мобильдік банкингтің және басқа да клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің, call-қызметтің, төлем карталарын жеткізу қызметінің, сондай-ақ олардың ұйғаруы бойынша басқа қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

"Екінші деңгейдегі банктер және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар экономика субъектілері мен халықты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен уақтылы толықтыруды және олардың кідіріссіз жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін", делінген құжатта.

Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: