Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та инаугурация өтті: Байден мен Харрис қызметіне кірісті

Mike Segar (Reuters), сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2021 15:11 Mike Segar (Reuters)
Салтанатты рәсімде АҚШ-тың мемлекеттік әнұранын әнші Леди Гага орындады.

АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мен сайланған вице-президент Камала Харрис 20 қаңтардағы инаугурацияда ант қабылдап, қызметке кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306 дауысын, Дональд Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

Байден мен Харрис Вашингтондағы Капитолий сарайының алдында өткен салтанатты жиында ант берді. 78 жастағы Джо Байден – АҚШ тарихындағы мемлекет басшысы қызметіне келген ең қарт адам. Ал Камала Харрис – АҚШ вице-президенті қызметіне кіріскен алғашқы әйел, деп жазады centralasian.org.

Америка Құрама Штаттарының 46-президенті Джо Байден екінші дүниежүзілік соғыс кезінде орта таптан шыққан католик әулетінде дүниеге келген. Ант беру рәсіміне ол өз әулетінде 1893 жылдан бері сақталып келген "Библияны" алып келген. Бұған дейін ол сенатор және вице-президент қызметтеріне кіріскенде де осы діни кітапты ұстап ант берген.

Қызметінен кеткен президент Дональд Трамп инаугурация рәсіміне қатысқан жоқ. 20 қаңтарда таңертең ол Ақ үйден кетіп, президент ұшағымен Флоридаға аттанды. Есесіне билікті тапсыру рәсіміне вице-президент Майк Пенс және Конгрестегі Республикалық партия атынан сайланған басқа өкілдер қатысты. АҚШ-тың бұрынғы президенттерінен рәсімге кіші Джордж Буш, Билл Клинтон және Барак Обама қатысты.

Салтанатты рәсімде АҚШ-тың мемлекеттік әнұранын әнші Леди Гага орындады.

Капитолий ғимараты 6 қаңтарда Дональд Трамп жақтастарының шабуылына ұшырағандықтан, инаугурация қарсаңында Вашингтонда қауіпсіздік барынша күшейтілді. Конгресс ғимаратының айналасы тікенек темірлі шарбақпен қоршалды. Қала басшылығы Вашингтон орталығындағы метро стансалар мен жолдарды жапты. Тәртіпті қадағалауға мыңдаған полицей мен Ұлттық гвардияның 25 мың сарбазы жұмылдырылды. Қалада төтенше жағдай енгізілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: