Алматыда телемедицина орталығы КВИ науқастарға тәулік бойы қызмет көрсетеді

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2021 17:33 Алматы әкімдігі
Түрксіб ауданында заманауи құрылғылармен жабдықталған "Алтай" ОДА-да 11 мың адамға қызмет көрсетеді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында құрылған бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Instagram-дағы аккаунтында мегаполис әкімі Телемедицина орталығына, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға және МЖӘ аясында ашылған оңалту орталығына барғанын жазды.

"КВИ-ге қарсы іс-қимылдағы маңызды жұмыстың бірі — телемедицина орталығын құру болды. Жаңадан құрылған бірегей орталықта болдым. Бұл жер пандемия кезінде қауіпті індетке шалдыққан науқастарға қашықтан көмек көрсетеді", деп жазды Сағынтаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2021 17:33

Арнайы дайындықтан өткен 52 дәрігер тәулік бойы аудио немесе бейне байланыс арқылы амбулаториялық емде жатқан науқастың жағдайын бақылап, оларға кеңес береді. Бүгінде 816 адам үйде емделуде. Өткен жылдың 1 қарашасынан бастап үй карантиніндегі 3,7 мың қала тұрғынына қашықтан мониторинг жүргізілді.

Жақын маңда емханасы жоқ ықшамаудан тұрғындары үшін отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар ашу арқылы МСАК-ты қадамдық қолжетімділікте көрсету үшін жағдай жасауды жалғастырамыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2021 17:33

Түрксіб ауданында заманауи құрылғылармен жабдықталған "Алтай" ОДА-да 11 мың адамға қызмет көрсетеді. Соңғы екі жылда мұндай 16 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Биыл тағы төртеуін ашу жоспарда бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2021 17:33

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2021 17:33

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: