Басы дауға қалған семейлік депутаттардың оқиғасы өз жалғасын табуда
Семей қалалық мәслихат депутаттарының желіде пайда болған атышулы фотосуреттеріне қатысты оқиға өз жалғасын табуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл жайт қоғамда резонанс тудырып, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі де іске араласты, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Бөлім басшысы Берік Тілебалдиннің айтуынша, резонанс тудыратын фотосуреттің барлық кейіпкерлеріне айыппұл салынады.
Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлға ретінде барлығы айыппұл төлеуі керек. Айыппұлдың мөлшері 30 АЕК құрайды, бұл - шамамен 85 000 теңгені, - деді Семей қаласының бас санитарлық дәрігері Берік Тілебалдин.
Суретте депутаттардан басқа бірнеше шенеунік, оның ішінде қала әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев та бар. Олар басқалар сияқты жауапкершілікті өз мойнына алады.
Кейбір депутаттар айыппұлды төлеп үлгеріпті және ол жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісуге асықты.
Мен айыппұл төледім, ал сен ше?, делінген "Ауыл" партиясынан қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Смағұловтың желідегі мына жазбасында.
Бетпердесіз фотосурет үшін келесі дүйсенбіде айыппұл төлеймін, яғни қолыма айыппұл төлеу туралы түбіртек тиген бойда, деп жазады депутат Арман Машимов.
Бір топ депутаттың бетпердесіз фотосы VII шақырылған Мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясында түсіріліп, содан кейін әлеуметтік желіге тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды.