Жаңалықтар тізбегі
0

Кеше әкімі ұсталды. Талғар ауданында 20 жылда 40-тан астам шенеунік сотталған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2021 17:35 видеодан кадр
Мердігер мекеменің басшысынан 10 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсіпті.

Талғар ауданының әкімі парамен ұсталды. Тағайындалғанына алты ай толмай жатып тұтылғаны туралы ақпарат лезде таралғанымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әгентгінің өкілдері бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығармады. Жел соқпаса шөптің басы қимылдамасы анық қой. Аудан әкімімен бірге бүгін тағы екі қызметкері жұмысқа келмеген, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешовтің ұсталғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Онымен қоса орынбасары мен Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының да жемқорлық әрекетке қатысы бар көрінеді. Олар мердігер мекеменің басшысынан 10 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсіпті. Әзірге облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіндегілер тіс жармай отыр.

Ауданның тамыз айында тағайындалған басшысы бүгін жұмыс орнында жоқ. Оның не себепті келмегенін аудандық әкімдіктің қызметкерлері білмейді.

Әкімдік әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр. Аудан тұрғындары жек ешаруаларымен келіп- кетіп жатыр. Бірақ, ауданның бірінші басшысы мен тағы екі қызметкердің жұмысқа келмепті. Оны әкімдіктегілер растады. Себебін білмейміз дейді.

Еркін Тоғызақов, Талғар ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Бүгінгі уақытта ауданның әкімі, әкімнің орынбасарығ ЖКХ басшысы олар бүгін жұмыста жоқ. Не себепті жоқтықтарын біз білмейміз. Бізде ешқандай ақпарат бүгінгі күнде жоқ.

Серікжан Ерекешов аудан әкімі қызметіне 2020 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын. Жарты жыл ішінде халық қамынан гөрі, қалта қамын көбірек ойласа керек. Аудан тұрғындары оның жұмысына наразылық білдіріп, өз өтініштерін Мәжіліс депутаты Ирина Смирноваға жолдапты. Атап айтқанда ауыз су, электр қуатымен қамтудан бөлек газ құбырын тарту барысында да ақша алынатынын жазған.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Газға қатысты мәселе келетін болсақ, жоғары қысымды құбырға қосылуға болады. Бірақ белгісіз біреулер келіп, рұқсат қағазының өзі 480 мың теңге тұратынын жеткізді. Ал жұртшылыққа газ пешін жылу жүйесін жасатқанға миллион теңге кетеді. Салдарынан ешкім қосыла алмай отыр.

Жалпы Талғар ауданында 20 жыл ішінде 40-тан астам шенеунік парамен ұсталып, сотталған екен. Олардың арасында аудан әкімі де, Талғар қаласы мен ауданға қарасты елді мекен әкімдері де бар. Осы тұста айта кетерлігі, бұл ауданның жері шұрайлы таудың етегінде орналасқан. Сондықтан оған құда түсетіндер көп көрінеді. "Бек Эйр" компаниясының ұшағы құлаған аумаөтағы жерлерді сатқаны үшін ауданнның Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері мен ауылдық округтің екі бірдей әкімі істі болып жатыр. Егер ауданның қазіргі әкімінің пара алғаны расталатын болса, бұл тізімді толықтыра түсетіні анық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: