Біздің мақсатымыз тойлау емес, халықтың табысын арттыру – Тоқаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2021 19:56 Ақорда
Даңғаза мен ысырапқа құмар әкімдерге ескерту жасалды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы келе жатқанын еске салып, соған байланысты артық даңғаза мен ысырапшылдыққа даярланып отырған шенеуніктерге ескерту жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

– Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекеттік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс, – деді Президент.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: