Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ полициясының заңы: қызметкер бастыққа ай сайын ақша береді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 16:00 видеодан кадр
Аудиодағы дауыстың иесі Ахан Сапарбеков бұған дейін де дәл осындай әрекеті үшін жұмыстан қуылған екен.

"Алу" мен "беруді" ұмытпау керек. Сот пен прокурордың да тілін таппаса болмайды! Әлеуметтік желіде осы сарындағы аудио тарады. 4 жарым минуттық жазбадағы дауыстың иесі. Кентау қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары болып шықты. Ол қоластындағы қызметкерлерден ақша талап етіп, көнбегендерін жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. Бұл шенді бұған дейін де осындай әрекеті үшін жұмыстан қуылған екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Кентау қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметкерлерден ақша талап еткен аудио тарап кетті. Шенді қоластындағы қызметкеріне "45 мың бересің!" деп қоқан-лоққы көрсеткенін анық естуге болады. Тіпті прокурор, сот сынды ығай-сығайлармен дос болып, оларға сыйлық жасап тұру қажет екенін де қосып айтқан.

"Беретін жер болады. Алатын жер болады. Мен командир болғанда білесің ғой, біріне январьдың 10 мың. 10 мың, 10 мың... қанша болды. 45 қой иа? Айына 45 бересің болды".


Ал, айтқан сөзіне көнбеген жағдайда, жұмыстан шығарам деп қорқытқан. Аудиодағы екі ауыз сөздің бірі бейәдеп. Бастықсымақтың арыз жазуға көнбеген қызметкеріне күш көрсеткенін де аңғаруға болады.

"Уволить етіп жіберем. Мен айтам. Факті де бар".

Аудиодағы дауыстың иесі Ахан Сапарбеков бұған дейін де дәл осындай әрекеті үшін жұмыстан қуылған екен. Алайда, сот арқылы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, қызметіне қайта оралыпты. Креслосына отыра сала, баз баяғы әдетіне қайта басқанға ұқсайды.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Бұл жайт бойынша, полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеру жүргізілді. Аталған қызметкердің мәселесіне байланысты құжаттар жинақталып, тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығымен 22 мамырда 2020 жылы Кентау қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды. Қызметкер сотқа арызданып, сот жазалау туралы бұйрықтың күшін жойып, қызметкер қызметіне қайта орналасты.

Десе де Сапарбеков әлі қызметінен шеттетілмепті. Оның үстінен қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: