Жаңалықтар тізбегі
0

Маған 800 мың айлық жоқ – Айдос Сарым жалақы мен төсбелгі туралы

mail.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 18:58 mail.kz
Әкем ауырып қалды. Алматыда көп жатып қалыппын.

Депуттатық төсбелгімді көрдім, ол шынымен алтыннан жасалған екен. Содан шығар, бағасы там қымбат деп жұрттың шуласып жатқаны, деді бүгін журналистер сұрағына жауап берген Мәжілістің жаңа депутаты Айдос Сарым, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірақ соңғы кезде алтынның бағасы да қатты өсті ғой. Маған оның құны қызық емес, ол жезден жасалса да, алюминийден болса да бәрібір, таға беремін. Пайдасы да, зияны да жоқ атрибут қой бұл. Бірақ бізге төсбелгілеріңді жоғалтпаңдар деді. Егер жоғалтсақ, өз қалтамыздан жасатады екенбіз. Сол себепті төсбелгіге мұқият қарап жүрміз.

– Жалақыңыз қанша екен?

– Оны білмеймін, әлі айлық алған жоқпын. Мен өзі ондай тұрмыстық мәселелерге мықты емеспін. Бірақ бүгін біздің тұрмыстық мәселелеріміз туралы отырыс өтеді. Жалақымның қанша екенін өзім де білгім келеді, әрине. Бұл да қызық қой. Осы уақытқа дейін жалақым туралы сұрауға уақытым болмапты. Әкем ауырып қалды. Алматыда көп жатып қалыппын. Енді, жалақымыздың мөлшері шамамен айтылды ғой бұған дейін. 500 мыңнан 800 мыңға дейін екен. Онда да еңбек өтіліне, ғылыми дәрежелерге байланысты болады екен. 800 мың теңгеден аспайды, сол 800 мыңды алу үшін 30 жыл мемлекеттік қызметте болған профессор, немесе генерал деген атақ керек шығар. Менің оның бірі де жоқ. Сол үшін ең жоғары жалақы алу маған бұйырмас.

Жағымпаз жас депутатты Айдос Сарым ақтап жатыр

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: